ӘлемКеше, 20:15

20 жастағы ақтаулық Грузияда жоғалып кетті

20 жастағы ақтаулық Грузияда жоғалып кетті, деп хабарлайды Arbat.Media.

Жігіт Ақтаудан Тбилисиге баратын түнгі рейспен ұшқан. Оның Ақтау әуежайында болғаны және шекарадан өткені анықталды. Алайда осыдан кейін 18 тамыз күні онымен байланыс үзілген.

Жігіттің бойы 175 сантиметр, орта денелі. Туыстары мен достары іздеуге көмек сұрап жатыр.

Данияр Жақсылықтың қайда екені туралы мәлімет білетіндер мына телефондарға хабарласа алады:

+7 (700) 499-7292 немесе 102.

Грузия жігіт жоғалды Қазақ

Тақырыпқа жаңалықтар