3,3 мың адамды өлтірген: Германияның 98 жастағы тұрғынына айып тағылды
Германияда 3300 адамның өліміне қатысы бар деген айыппен 98 жастағы қария сотталады, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Deutschlandrundfunk радиостанциясы хабарлайды.
Ол Заксенхаузен концлагерінің бұрынғы қызметкері болған.
Германияның Гиссен қаласының прокуратурасы Майн-Кинциг ауданының тұрғынын айыптады.
Сараптама 98 жастағы ер адамды қылмыстық қудалауға жартылай жарамды деп таныды.
Оның 1943-1945 жылдары СС күзетшісі қызметін атқара жүріп, Заксенхаузен концлагерінде мыңдаған тұтқындарды өлтіруге көмектескені анықталды.
Қылмыс жасаған кезде айыпталушы кәмелетке толмаған, яғни оған қылмыстық заңнаманың тиісті нормалары қолданылады.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: