70 жасында егіз баланы дүниеге әкелді
Угандалық әйел Сафина Намуквая 70 жасында егіз баланы дүниеге әкелді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Сафина Намуквая Уганданың батысындағы Масака қаласына жақын ауылда тұрады.
Ол көп жыл бойы бала көтере алмаған. Жергілікті тұрғындар оны бедеулігіне бола кінәлап, «қарғыс атқан әйел» деп атап кетіпті.
Ол елдің астанасы Кампала қаласындағы клиникада бедеуліктен емделіп, жасанды ұрықтандыру жасатылған соң, 2020 жылы қыз баланы дүниеге әкелді, содан кейін егіз нәресте көтерген.
Күні кеше ел астанасындағы перзентханада кесарь тілігі арқылы ол бір ұл, бір қыз туды.
Емдеуші дәрігердің айтуынша, Сафина Намуквая Африкада босанған ең қарт әйел.
Қазір анасы мен нәрестелерінің жағдайы жақсы.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: