ӘлемБүгін, 10:48

Air Astana: Алматы - Дели бағытындағы ұшақ ұшпайды

Air Astana әуе компаниясы Алматы – Дели – Алматы бағытындағы рейстің уақытша ұшпайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Arbat.media.

Бұған Үндістан мен Пәкістан арасындағы әуе кеңістігінің жабылуы себеп болды.

Сатып алынған билеттердің құны толық қайтарылады. Қазір балама бағыттар арқылы рейс ұйымдастыру мүмкіндігі қарастырылып жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Тбилиси – Алматы рейсі Бакуге шұғыл қонған болатын.

Айта кетейік, сейсенбіден сәрсенбіге қараған түні Үндістан мен Пәкістан арасында қарулы қақтығыс болды. 
Пәкістан билігінің мәліметінше, 7 мамыр күні таңертеңгі жағдай бойынша үндістандықтардың ел аумағына жасаған соққылары салдарынан 70 адам қаза тапты

Ақпарат Үндістан Ұшақ Пәкістан

Тақырыпқа жаңалықтар