Әлем14 қазан 2023, 9:30

«Аллаһу әкбар». Францияда ер адам мектепке пышақпен шабуылдаған

Францияда пышақ ұстаған ер адам мектепке шабуыл жасап, «Аллаһу әкбар» деп айғайлаған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Елдің солтүстігіндегі Аррас қаласында пышақпен жасалған шабуылда мұғалім қаза тауып, тағы екі адам жараланды.

Полиция шабуылдаушы мен оның ағасын ұстады.

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, шабуыл жасаған 28 жастағы шешен болып шықты.

Полицейлер оның ағасын да ұстады.

Шабуылдан кейін қаладағы барлық оқу орындары жабылды.

Франция президенті Эммануэль Макрон Аррасқа баруға ниетті, деп хабарлады Елисей сарайы.

Аллаһу әкбар Франция Мектеп Шабуыл

Тақырыпқа жаңалықтар