Жамбыл облысында ұстаз шәкіртін аяусыз ұрып-соқты
Ер адамның айтуынша, оқиға шамамен бір жыл бұрын болған. Сол кезде ол баланың анасынан кешірім сұрап, өзінің әрекетінің дұрыс емес екенін мойындаған, деп хабарлайды Arbat.Media.
Мұғалім өз үндеуінде сол сәтте эмоция бой алдырғанын түсіндірді. Ол әрекеті үшін баланың отбасынан тағы да кешірім сұрады.
Полиция аталған жағдай бойынша тексеру жүргізіп, оқиғаға байланысты тиісті шаралар қабылдап жатыр.
"Аталған факті бойынша Қылмыстық кодексінің кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау туралы бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды", – деп жауап берді департамент.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: