Ақ үй: Ресей командирлері бұйрыққа бағынбаған сарбаздарын өлтіріп жатыр
Ақ үй ақпаратынша, Ресей командирлері бұйрыққа бағынбағаны үшін өз сарбаздарын өлтіріп жатыр, - деп хабарлайды Arbat.media.
«Бізде ресейлік әскерилердің бұйрыққа бағынбаған сарбаздарды өлтіретіні туралы ақпарат бар», - деді Ақ үйдің Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің өкілі Джон Кирби.
Ол, сондай-ақ, командирлер Украинаның атқылауынан кейін шегінуге әрекеттенсе, бүкіл бөлімшелерді өлім жазасына кесеміз деп қорқытуы мүмкін екенін айтты.
«Ресейдің жұмылдырылған қарулы күштері әлі де дайындығы жоқ және толық жабдықталмаған», - деп қосты Кирби.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: