Соңғы жеті жылда Қазақстанда 3,6 миллион адам табиғи газға қол жеткізді  

Қазақстанда соңғы жеті жылда 772 елді мекен табиғи газға қосылды. Осы кезеңде газдандыру деңгейі 51,47%-дан 64,2%-ға дейін өсті. Инфрақұрылымды дамытуға 612,3 млрд теңге бөлініп, 31,5 мың шақырымнан астам газ желісі салынды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Газдандыру аясында іске асырылған 821 жоба нәтижесінде табиғи газға қол жеткізген халық саны 9,5 миллионнан 13,1 миллион адамға дейін артты.

Осылайша, қосымша 3,6 миллион тұрғынды газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік туды.

газ Табиғи халық
23 қазан 2026 • Қазақстан жаңалықтары
23 қазан 2026 • Қазақстан жаңалықтары
23 қазан 2026 • Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар