Астанадағы балабақшада 1,5 жасар бала күйіп қалған

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, оқиға 2 қазанда болған. Бала ыстық сорпаға күйіп қалып, денесінің 10%-ы үшінші дәрежелі күйік алған, деп хабарлайды Arbat.Media.

Баланың анасының айтуынша, балабақша өкілдері оқиғаға өздерінің қатысы барын жоққа шығарған.

Астана полициясы балабақша қызметкерінің “кәмелетке толмаған баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамауы” дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Астана Бала Сәби күйік

Тақырыпқа жаңалықтар