АҚШ Грузияға 95 миллион доллар бермейді
Грузия билігінің «антидемократиялық әрекеттеріне» байланысты АҚШ Грузияға 95 миллион доллар бермейді. АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Грузияға ақшалай көмек бөлуді тоқтатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Ол бұл қадамын «антидемократиялық әрекеттермен және Грузия үкіметінің жалған мәлімдемелерімен» түсіндіріп, олардың «ЕО және НАТО-ға мүшелік нормаларымен үйлеспейтінін» атап өтті.
Блинкен нақты мәлімет бермеді, бірақ бұған дейін Батыс елдері Грузиядағы ресейшіл билік партиясы «Грузин арманы» қабылдап, қолдаған ресейлік заңдарға ұқсас бірқатар заңдарды қатаң сынға алды.
Олардың арасында «шетел агенттері» және «ЛГБТ насихаты» туралы заң бар.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: