АҚШ Йемендегі хуситтерге жаңа соққы берді
Сенбіге қараған түні АҚШ армиясы Йемендегі хусит көтерілісшілерінің позицияларына тағы да шабуыл жасады. Пентагонның мәліметінше, шабуылды «Карни» эсминецінен «Томагавк» зымырандары жасаған, - деп хабарлайды Arbat.media.
Содырлардың радар қондырғысы жойылды. Бұл олардың Қызыл теңіздегі сауда кемелерінің қозғалысын бақылау мүмкіндігін азайтады.
Кске салсақ, жұмаға қараған түні АҚШ пен Ұлыбритания бастаған коалиция Сана мен Ходейда қалаларындағы хуситтердің позицияларына жаппай шабуыл жасады.
Ұлыбритания қорғаныс министрінің орынбасары Джеймс Хиппи «қазір жоспарланатын жаңа миссиялар жоқ» деді.
Дегенмен, BILD ашық деректерді талдау сарапшысы Джулиан Рёпке батыстық шабуылдардың жалғасуы мүмкін екенін хабарлады.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: