Әлем13 маусым 2024, 13:23

АҚШ Киевке тағы бір Patriot жүйесін жеткізбек

АҚШ Киевке тағы бір Patriot жүйесін жеткізбек. Украинаның ресейлік әуе шабуылдарынан қорғанысын күшейту үшін президенті Джо Байден Киевке тағы бір Patriot әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесін бергісі келеді, деп жазады The New York Times, - деп хабарлайды Arbat.media.

Газеттің хабарлауынша, сөз болып отырған "Патриот" жүйесі қазір Польшада және жақын күндері Украинадағы майданға жіберілуі мүмкін.

Бұл АҚШ-тың Украинаға беретін екінші әуе қорғаныс жүйесі.

Байден бірінші трансферді бір жарым жыл бұрын мақұлдады.

Сондай-ақ Вашингтон Украинаға Patriot зымырандарын тұрақты түрде жеткізіп отырады.

АҚШ киев Patriot

Тақырыпқа жаңалықтар