Әлем26 наурыз 2024, 13:46

АҚШ Ресейге криптовалютамен санкцияларды айналып өтуге көмектескені үшін санкция салды

Америка Құрама Штаттары Ресейге криптовалюта арқылы санкцияларды айналып өтуге көмектескені үшін санкция салды АҚШ қазынашылығы санкциялар тізіміне криптовалюта саудасымен байланысты 11 компания мен екі жеке тұлғаны қосты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұған Ресейдің Украинаға қарсы соғысты қаржыландыруды жалғастырғаны  үшін «балама төлем тетіктерін» пайдаланып, АҚШ-тың санкцияларын айналып өту әрекеті себеп болды», - деді Қазынашылық хатшысының терроризмге қарсы және қаржылық барлау жөніндегі орынбасары Брайан Нельсон.

Нельсон АҚШ қазынашылығы санкцияға ұшыраған ресейлік қаржы институттарының жаһандық қаржы жүйесіне қайта қосылуына көмектесуге тырысатын компанияларды әшкерелеуді және жоюды жалғастырады деп уәде берді.

Бұған дейін БАҚ-та Ресей Украинадағы соғысқа байланысты өзіне салынған санкцияларды айналып өту үшін криптовалюталарды пайдаланып жатыр деген ақпарат пайда болған.

АҚШ Ресей Криптовалюта Санкция

Тақырыпқа жаңалықтар