АҚШ: Спикерлікке Украинаға көмекті арттыруға қарсы шшыққан адам ұсынылды
АҚШ Конгресінің төменгі палатасының спикерлігіне Украинаға көмекті арттыруға қарсы адам ұсынылды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Республикалық партияның отырысында Огайо штатының конгресмені, Сот комитетінің басшысы Джим Джордан Өкілдер палатасының төрағасы лауазымына кандидат болып сайланды.
Ол бірнеше рет Киевке әскери көмекті арттыруға қарсы дауыс беріп, «америкалықтардың санасындағы басты мәселе Украина емес, АҚШ шекарасындағы жағдай мен көше қылмысы» деген еді.
Огайо конгресмені Трамптың жақын одақтасы.
Оған экс-президенттің 2020 жылғы сайлау нәтижелерін өзгерту әрекетіне белсенді түрде қатысты деп айып тағылды.
Джордан қазіргі мемлекет басшысы Джо Байденге импичмент жариялау жөніндегі бастамашыл топты басқарады.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: