Әлем1 қаңтар 2024, 18:54

АҚШ трансгендер боксшыларға әйелдер турниріне қатысуға рұқсат берді

АҚШ бокс федерациясы 2024 жылдан бастап трансгендерлерге әйелдер турнирлеріне қатысуға рұқсат береді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Sports.kz жариялады.

Ол үшін спортшылар белгілі бір шарттарды орындауы керек, атап айтқанда: жынысын ауыстырғаны жайлы мәлімдеме жасайды, операция жасатады, гормоналды тестілеуден өтеді және оның нәтижесін федерацияға хабарлауға міндеттенеді.

Сондай-ақ, 18 жасқа толмаған боксшылар анасынан туған жынысы бойынша жарысқа қатысады. 

«Осылайша қазақстандық боксшы қыздар АҚШ-тағы турнирлерге қатысса (жергілікті федерацияның қолдауымен өтетін жарыстар туралы айтып отырмыз — ред.), олар да қарсылас ретінде еркек болып туған, ал қазіргі жынысы әйел боксшылармен жұдырықтасуы мүмкін» деп атап өтті Sports.kz.  

АҚШ трансгендер бокс рұқсат
18 маусым 2026 Қазақстан жаңалықтары
19 маусым 2026 Қазақстан жаңалықтары
18 маусым 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар