Әлем20 қараша 2023, 9:00

Араб және ислам елдерінің сыртқы істер министрлері Қытайға барады

Араб елдерінің сыртқы істер министрлері Газадағы соғысты тоқтату мәселесін талқылау үшін Қытайға барады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Фейсал ибн Фархан әл-Саудтың мәлімдеуінше, Араб-Ислам саммитін ұйымдастыруға жауапты комитет жұмысын бастады. Оған Газада атысты тоқтату үшін іс-қимылдарды әзірлеу міндеттелген. 

Араб және ислам елдерінің сыртқы істер министрлері жұртшылыққа Газада атысты тоқтату, зардап шеккендерге көмек көрсетуді бастау керектігін жеткізу үшін дүйсенбі күні Қытайға, кейін басқа да елдерге барады. 

Бұл сапар – араб және ислам елдерінің қараша айында Эр-Риядта өткен саммитінде қабылданған шешімдерді жүзеге асырудың алғашқы қадамы. 

Саммит қорытындысы бойынша қатысушылар қарар қабылдады, онда Газа секторы – Палестинаның Иордан өзенінің батыс жағалауындағы аумағының ажырамас бөлігі екені айтылды. Сектордағы қарулы қақтығыстар үшін жауапкершілік Израильге жүктелді. АМЛ мен ИЫҰ елдері палестиналықтарды қолдау үшін қаржылық қауіпсіздік жүйесін құруға келісті. 

Араб елдері ислам елдері Қытайға сапар

Тақырыпқа жаңалықтар