Әлем23 қазан 2023, 10:22

ATACMS Бердянск пен Луганскіде 9 ресейлік тікұшақты жойған

Oryx сарапшылары мәлімдеуінше, ATACMS зымырандары Бердянск және Луганск аэродромдарында тоғыз ресейлік тікұшақты жойды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Oryx жобасының OSINT сарапшылары 17 қазанға қараған түні Луганск және Бердянск аэродромдарын атқылау кезінде Ресейдің тоғыз тікұшағы жойылғаны туралы Украина қарулы күштерінің мәлімдемесін растады.

Oryx мәліметінше, соққы салдарынан жеті Ка-52 Alligator тікұшағы мен екі Ми-8 тікұшағы жойылған.

Тағы 15 тікұшақ – сегіз Ка-52 және жеті Ми-8 зақымданған.

Америкалық ATACMS зымырандары – 300 километрге дейінгі қашықтығы бар, жау шебінің артындағы нысаналарды дәл көздеуге арналған тактикалық «жер-жер» баллистикалық зымырандары.

ATACMS Бердянск луганск ұшақтар

Тақырыпқа жаңалықтар