Авдеевка аймағында кескілескен ұрыс жүріп жатыр
Авдеевка аймағында кескілескен ұрыс жүріп жатыр, - деп хабарлайды Arbat.media.
«Жау бесінші күн қатарынан қала маңындағы позицияларды атқылау мен шабуылдарын тоқтатпай отыр», - деді Авдеевка мэрі Виталий Барабаш украиналық телеарнаға.
Оның айтуынша, ресейлік сарбаздар қаланы қоршауға тырысуда.
Авдеевкада бес қабатты ғимарат қирап қалған.
Алдыңғы түнде әуе шабуылынан қираған бес қабатты тұрғын үйдің қирандыларының астында 1959 жылы туған ер адам болуы ықтимал. Мәйітті алу әлі мүмкін болмай тұр, деп хабарлады Украина ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Полиция жергілікті тұрғындарды эвакуациялауға шақыруда.
Украин дереккөздерінің хабарлауынша, Авдеевкада 1600-дей адам қалған.
Қала Донецкіден 13 шақырым қашық жерде орналасқан.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: