Байден мен Цзиньпин 15 қарашада Сан-Францискода кездеседі
Байден мен Цзиньпин 15 қарашада Сан-Францискода кездеседі, - деп хабарлайды Arbat.media.
АҚШ президенті Джо Байден мен Қытай төрағасы Си Цзиньпин 15 қарашада Сан-Францискода өтетін Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы (АТЭС) саммиті аясында келіссөздер жүргізеді.
Бұл туралы жапондық Киодо агенттігі АҚШ-тағы дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлады.
Агенттіктің хабарлауынша, Вашингтон мен Бейжің елдердің жоғары лауазымды тұлғаларының кездесуіне соңғы дайындықты жүргізіп жатыр.
Бұл Байден мен Цзиньпиннің Балидегі G20 саммиті аясында келіссөздер жүргізген 2022 жылдың қарашасынан бергі алғашқы екіжақты кездесуі болмақ.
Қытай әзірге өз көшбасшысының алдағы саммитке қатысатынын ресми түрде растамағаны атап өтілді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: