Көлік бағасы арзандайды

Қазақстанда құрастырылған көліктердің бағасы соңғы айларда шамамен 11%-ға төмендеген. Арзандау мұнымен тоқтап қалмайды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Қараша мен желтоқсанда отандық өндіріс өнімдеріне қосымша жеңілдіктер жасалуы ықтимал. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев айтты.

Жыл соңына жақындаған сайын биыл шығарылған модельдер ескіре бастайды, яғни, тұтынушылар 2027 жылғы көліктерді сатып алуға тырысады. Қазір қараша, желтоқсан айлары жақындап келеді. Сондықтан жеңілдіктер болатыны түсінікті. Меніңше, бағалар әлі де төмендейді, — деді министр.

Сонымен қатар ведомства басшысы Үкіметтің елдегі автокөлік өндірісін ұлғайту жоспары барын айтты. Сөзінше, былтыр елімізде 71 мың автокөлік шығарылса, биылғы меже 191 мың.

Көлік Өндіріс өнеркәсіп Үкімет
3 қараша 2026 • Қазақстан жаңалықтары
3 қараша 2026 • Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар