Bloomberg: Ресейдің әскери шығыны 2025 жылы бюджет шығыстарының 40 пайызын құрайды
Фото: Silas Stein/IMAGO
IMAGO
Әлем25 қыркүйек 2024, 15:23

Bloomberg: Ресейдің әскери шығыны 2025 жылы бюджет шығыстарының 40 пайызын құрайды

Ресейдің әскери шығыны 2025 жылы барлық бюджет шығыстарының 40 пайызын құрайды. Бұл білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік саясат пен ұлттық экономиканы біріктіретін шығындардан да көп, деп атап өтті агенттік. Bloomberg Ресей әскерінің Украинаның шығысындағы баяу ілгерілеуіне байланысты Кремль әскери шығындарды көбейтіп жатыр деп болжайды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Жалпы алғанда, 2025 жылы Ресей билігі әскери шығындарды шамамен тағы төрттен ұлғайтуға ниетті - биылғы 10,4 триллионнан 13,2 триллион рубльге дейін.

Сонымен қатар, Bloomberg мақсаты жарияланбаған және жалпы бюджет шығыстарының шамамен 30% құрайтын «құпия» бюджет баптарының бар екенін көрсетеді.

2025 жылы ол 12,9 триллион рубльге дейін өсуі мүмкін.

Ресей 2025 жыл бюджет

Тақырыпқа жаңалықтар