Босния және Герцеговинадағы су тасқыны: 16 адам қаза тапты
Фото: Mountaineering Association Prenj Glogosnica 1979
Association Prenj Glogosnica 1979
Әлем6 қазан 2024, 11:00

Босния және Герцеговинадағы су тасқыны: 16 адам қаза тапты

Босния және Герцеговинадағы су тасқыны: 16 адам қаза тапты. Босния мен Герцеговинада 4 қазанға қараған түні кенеттен қатты су тасқыны басталды. Жолдар мен көпірлер қирап, электр желілері бұзылып, бірнеше елді мекен елдің басқа аймақтарымен байланысы үзілді. 16 адам мерт болды, оның ішінде бір нәресте бар, - деп хабарлайды Arbat.media.

Кемінде 10 адам із-түзсіз жоғалып кеткен.

Табиғат апатынан төрт ауданда 6 қазанда өтуі тиіс жергілікті мәслихаттар сайлауы кейінге шегерілді.

Бұған дейін су тасқыны Хорватия мен Черногорияда, сондай-ақ Орталық және Шығыс Еуропаның бірнеше елінде тіркелген болатын.

Босния Герцеговина Су тасқыны Шығын өлім

Тақырыпқа жаңалықтар