Бразилияда 91 жастағы кейуана мотоцикл айдап, футбол ойнайды
Бразилияда 91 жастағы кейуана спортзалға барып, мотоцикл айдап, футбол ойнайды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Вальделисия Роза да Силва бүкіл өмірін Бразилияның Баия штатындағы ауылда өткізді.
Ол өмір бойы маскүнем күйеуінен жәбір көріп, 16 баласының сегізінен айырылған.
Бір жыл бұрын әйел қалаға көшіп келіп, шаштараз болып жұмыс істеп, спортқа қызыға бастады.
Зейнеткер кәрі жасына қарамастан немерелерімен футбол ойнайды, атқа мініп серуендейді, мотоциклге мінеді, спортзалға барып жаттығады, тауға өрмелеп шығады.
Бұл кейуананың Әйелдің өмірін әлеуметтік желіде 1,4 миллионнан астам адам бақылайды екен.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: