Әлем7 желтоқсан 2023, 9:42

Брюссель: Еуропарламент қызметкері атыста зардап шекті

Швециялық еуродепутат көмекшісі Брюссельде сәрсенбі кешке болған атыстан зардап шекті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Politico басылымының жазуынша, Еуропарламенттің жараланған қызметкері Еуропа халық партиясында жұмыс істейді.

-Брюссельдегі атыс кезінде қызметкерлеріміздің бірі жараланды. Қазір оған көмек көрсетіліп жатыр, жағдайы аса ауыр емес, - деп мәлім етті ЕХП депутаты Томаш Тобе Х әлеуметтік желісінде.

Қайғылы оқиғаға Еуропалық парламент президенті Роберта Метсола да пікір білдірді.

— Бар ойымыз бүгін Брюссельде болған атыс кезінде жараланған Еуропарламент қызметкері мен басқа да зардап шеккен адамдарда болып отыр. Олардың тез жазылып кетуіне тілектеспін. Жедел қызметтерге алғыс айтамын. Мен көмекші жұмыс істейтін парламент мүшесімен сөйлестім, жараланған қызметкерге де жазылғаннан кейін жағдайын сұрап хабарласамын, - деді Роберта Метсола.

Еске салсақ, Брюссель орталығында атыс болып, төрт адам жарақат алған.

Еуропарламент қызметкері Брюссель Атыс

Тақырыпқа жаңалықтар