Әлем26 қыркүйек 2023, 18:00

БҰҰ: 19-83 жас аралығындағы әйелдер зорланды. Ресей әскерилерінің Украинадағы азаптауы

19 бен 83 жас аралығындағы әйелдер зорланды — БҰҰ есебінде Ресей әскерилерінің Украинадағы адамдарды қалай азаптағаны сипатталған, - деп хабарлайды Arbat.media.
 
Орыс әскерлері басып алған аймақтарда азаптауды кеңінен және жүйелі түрде қолданған. 

Бұл Украинадағы құқық бұзушылықтарды зерттеу жөніндегі БҰҰ тәуелсіз халықаралық комиссиясының баяндамасында жасалған тұжырым.
 
Украина қарулы күштеріне хабар берді деген күдікке ілінгендер көбірек азапталды. Ресей әскерилері әйелдерді жиі зорлаған. Мәселен, комиссия Херсон облысында 19 бен 83 жас аралығындағы әйелдер жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырағанын анықтады. Сонымен бірге олардың жанұя мүшелері бәрін естісін деп көрші бөлмеде ұстаған.
 
Азаптау негізінен бас бостандығынан айыру орындарында және жауап алу кезінде қолданылған. Бір жәбірленуші комиссия мүшелеріне өзін электр тогымен қалай азаптағанын айтып берді: "Мен ештеңе білмеймін немесе есімде жоқ деп жауап берген сайын олар мені электр тоғымен ұрды [...] Қалай екенін білмеймін. ол ұзаққа созылды. Бұл мәңгі созылатындай болды".

Кейбір жағдайда ресейлік әскерилер адамдарды аяусыз азаптағаны сонша, құрбандар қаза тапты, делінген хабарламада.

БҰҰ Ресей әскері Зорлық Украина

Тақырыпқа жаңалықтар