Әлем8 қазан 2023, 11:30

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Израильге жасалған шабуылды талқылайды

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі шұғыл отырысында Израильге жасалған шабуылды талқылайды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы қазір БҰҰ Қауіпсіздік кеңесін басқарып отырған Бразилия мәлімдеді.

Үкімет ХАМАС содырларының Израильге жасаған әуе және жердегі бірқатар шабуылдарын айыптап, құрбан болғандардың отбасыларына көңіл айтты.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш палестиналық-израильдік қақтығыстың кеңеюіне жол бермеу үшін барлық дипломатиялық күш-жігерді жұмсауға шақырды.

«Зорлық-зомбылық қақтығысты шешуді қамтамасыз ете алмайды, бейбітшілікке тек екі мемлекет құруға әкелетін келіссөздер арқылы қол жеткізуге болады», - деп хабарлады БҰҰ басшысының ресми өкілі Стефан Дюжаррик.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Израиль Шабуыл талқылау

Тақырыпқа жаңалықтар