Әлем29 мамыр 2024, 14:23

БҰҰ: Үш аптада Рафахтан 1 миллионға жуық палестиналық кетті

Соңғы үш аптада Газа секторының оңтүстігіндегі Рафах қаласынан 1 миллионға жуық палестиналық қашып кетті. Біріккен Ұлттар Ұйымының Палестиналық босқындарға көмек көрсету және жұмыс жөніндегі агенттігінің әлеуметтік желіде жарияланған хабарламасында осылай айтылған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы  ААнадолы жазады.

Хабарламаға сәйкес, соңғы үш аптада кем дегенде 1 миллион палестиналық Рафахты тастап, Газа секторының әртүрлі бөліктеріне көшуге мәжбүр болды.

– Анклавта қауіпсіз кеңістіктің жоқтығынан барар жері болмаған палестиналықтар Израильдің үздіксіз шабуылдарынан баспана іздеуге мәжбүр болды. Сонымен қатар, агенттік азық-түлік пен су тапшылығына назар аударды. Газа секторындағы палестиналықтарға күн сайын көмек көрсету және оларды қорғау қиындап барады, – делінген Ұйым мәлімдемесінде.

Бұған дейін 7 мамырда Израиль армиясы анклавтың Мысырмен шекарасындағы Рафах бақылау-өткізу пунктінің палестиналық бөлігіне бақылау орнатылғанын хабарлаған.

Мамырдың 26-сы күні Израиль Халықаралық қылмыстық соттың шешіміне қарсылық білдіріп, Газа секторының Рафах қаласындағы палестиналық босқындар лагеріне шабуыл жасады. Израиль шабуылында әйелдер, балалар мен қарттарды қосқанда кемінде 45 палестиналық қаза тапты. Сонымен қатар, тағы 249 палестиналық жарақат алды.

 

БҰҰ Рафах халық

Тақырыпқа жаңалықтар