Әлем7 шілде 2024, 18:00

Чехияда балықшы салмағы 130 келіден асатын жайын аулады

Чехияда балықшы салмағы 130 келіден асатын жайын балығын аулады. 43 жастағы Якуб Вагнер өміріндегі ең үлкен балықты аулады - қармағына ұзындығы 2,61 метр жайын (сом) ілінді, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Балық тірі! Әрине, мен оны жеген жоқпын, оны өлшегеннен кейін бірден суға жібердім. Сондықтан ол әлі де жүзіп жүр. Оның үстіне мұндай үлкен балықты жеуге болмайды. Жылдар бойы жайынның құрамында көптеген зиянды заттар жиналады», - деп сендірді Вагнер BILD тілшісіне.

Ол Чехияның Брно қаласына жақын орналасқан Оңтүстік Моравияға сапарында алып балықты аулап үлгерді.

Якуб бұл күні қайықпен балық аулауға шыққанын есіне алды. Ол сом балықпен 20 минут күресіп, ақыры оны жағаға шығара алды.

«Әдемі және өте күшті болды. Оны өлтіру туралы мәселе болған жоқ. Мұндай үлкен үлгілер экожүйеге өте маңызды, олар судағы кішірек балықтардың популяциясын реттейді», - деді Вагнер.

 

Чехия балықшы 130 келі жайын

Тақырыпқа жаңалықтар