Әлем4 наурыз 2024, 12:34

Цюрихте жасөспірім пышақпен еврейге шабуыл жасады

Цюрихте жасөспірім пышақпен еврейге шабуыл жасады. 50 жастағы ер адам ауыр жарақат алды. Полицияның мәліметінше, қылмыскер небәрі 15 жаста. Ол араб текті швейцариялық деп есептеледі, - деп хабарлайды Arbat.media.

Полицияның мәліметінше, шабуыл алдында жанжал болған, бір кезде жасөспірім қаруын суырып алып тап берген. Ол сол жерде қамауға алынды.

Jüdische Allgemeine газетінің хабарлауынша, бірнеше куәгердің сөзіне қарағанда, ол қылмыс жасамас бұрын «Барлық еврейлерге өлім» және «Аллаһу акбар» деп айғайлаған.

Швейцариялық Blick басылымына оқиғадан кейін жедел жәрдем дәрігері: «Мен қылмыстан кейін көп ұзамай келдім. Осы кезде полицейлер оны қабырғаға тіреп, қолына кісен салыпты. Күдікті қарқылдап күлді».

Цюрих Жасөспірім еврей Шабуыл

Тақырыпқа жаңалықтар