Дағыстандағы жарылыстан қаза тапқандар саны 13 адамға жетті
Дағыстандағы жанармай құю бекетінде болған жарылыстан қаза тапқандар саны 13 адамға жетті. 27 қыркүйекте Новый Хушет кентіндегі жанар-жағармай құю бекетінде болған жарылыс салдарынан 13 адам қаза тауып, 23 адам жарақат алған. Кейбір мәліметте жарылыс пен одан кейінгі өртке бензиннің жануы себеп болған, - деп хабарлайды Arbat.media.
Оқиғаға байланысты «қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін және екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған қызмет көрсету» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қылмыс жасады деген күдікпен жанармай құю бекетінің иесі Марат Джанхуватов ұсталды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: