Данияда жағажайда мыңдаған су жаңа аяқ киім шашылып жатыр
Данияда жағажайда су шайып кеткен мыңдаған аяқ киім шашылып жатыр, - деп хабарлайды Arbat.media.
Mayview кемесі Германияның Бремерхафен қаласынан Польшаның Гданьск қаласына бет алғанымен, Пиа дауылының ошағына тап болған.
Палубадан 46 контейнер тауарды су шайып кеткен.
Біраз уақыттан кейін бүкіл жағалау аяқ киімге толып қалды, деп хабарлайды жергілікті DR телеарнасы.
Жағада аяқ киімнен бөлек, медициналық инелер мен арбаға арналған дөңгелектер де жатыр.
БАҚ жергілікті тұрғындардың тауарларды ұрлауына жол бермеу үшін жағалауды патрульдеу керек екенін айтады.
Ал құзырлы орындар тауарды алып кету үшін тауар иелерімен келіссөз жүргізбекші.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: