Елімізде сейсмологиялық зерттеулерге 1,5 млрд теңге бөлінеді
Елімізде сейсмологиялық зерттеулерге 1,5 млрд теңге бөлінеді. 2023 жылдың желтоқсан айынан бастап Сейсмология институты «Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығы» деп аталды. 2024 жылғы 9 қаңтарда «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабына сәйкес, ол ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің субъектісі ретінде бес жыл мерзімге аккредиттелген, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде ғылым министрлігі 2024-2026 жылдарға жариялаған конкурсқа «Қазақстанның өңірлері мен қалаларының сейсмикалық қауіптілігін қазіргі ғылыми-әдістемелік негізде бағалау» ғылыми-техникалық тапсырмасы енгізілді», деп түсіндірді ведомство өкілдері.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: