Қазақстанда психологтардың жалақысына 300% үстеме қосылуы мүмкін

Сондай-ақ алғашқы медициналық көмек ұйымдарының қызметкерлеріне қосымша ақы төлеу ұсынылды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бұл туралы үкімет қаулысында айтылған.

Жоба бойынша психологтарға базалық жалақының 300%-ы, әлеуметтік қызметкерлерге 200%-ы мөлшерінде үстемеақы берілуі мүмкін.

Ал учаскелік дәрігерлер мен мейіргерлерге еңбек өтіліне қарай 20%-дан 50%-ға дейін қосымша ақы төлеу көзделген.

Бұл әзірге қаулы жобасы. Құжат 7 желтоқсанға дейін қоғамдық талқылауда болады.

Алғашқы медициналық көмек Қосымша ақы Психологтар дәрігерлер

Тақырыпқа жаңалықтар