Ер адам ауылдағы бірнеше азаматты атып өлтірді
Украинаның астанасы Киев маңында атыс болды, деп хабарлайды Arbat.media.
Қарулы адам Киев маңындағы Софиевская Борщаговка ауылында бірнеше азаматты атып өлтірді. Ақпаратты Украина полициясы растады.
Полицейлер оқиға құрбандарының нақты санын әлі айтпады. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Алайда шабуылдаушы қашып кеткен. Оны іздеу жұмыстары жүріп жатыр.
«Бүгін сағат 15:22-де полицияға ер адам азаматтарды атып өлтіргені туралы хабарлама келіп түсті. Киев полициясы Богучан ауданында бірнеше адамның өмірін қиған атыс жағдайларын анықтауда», - деп мәлімдеді полиция.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: