Ер мен әйел тең емес
Ер мен әйел тең емес, өйткені олардың миы әртүрлі. Жасанды интеллектінің Explainable AI атты аса жетілдірілген жаңа моделі әйел мен ер адамның миындағы үлкен айырмашылықты анықтады. Құралдың дәлдігі 90%, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Tanym Media телеграм арнасы жазады.
Оның әтижелері жүйке-психикалық науқастарды емдеуді жақсартуға ықпал ете алады.
Осы уақытқа дейін адам жынысының ми дамуы мен қызметіндегі рөлі туралы әңгіме көп дау туғызып келді.
Өйткені ми мен гормондар тығыз байланысты, ми өмір бойы — адамның даму кезеңдерінде, жыныстық жетілу және қартаю кезінде гормондардың әсеріне ұшырайды.
Зерттеулер бойынша, ер адам миы әйелдердікінен 10%-ға артық.
Ал әйелдердің маңдай тұсындағы миы ірілеу. Бұл эмоцияға, мақсат қоюға, мотивация мен өзін-өзі бақылауға қатысатын тұсы.
Сондай-ақ кейбір неврологиялық және психикалық бұзылыстар да ер мен әйелге әртүрлі әсер етеді.
Мысалы, егде әйелдерде Альцгеймер (деменция) ауруы жиірек кездеседі.
Стэнфорд медицина университетінің ғалымдары миға барынша егжей-тегжейлі анализ жасайтын жасанды интеллект моделін әзірлеген.
“Басты мақсат – адам жынысы мидың дамуында, қартаюында және жүйке ауруларының пайда болуында басты рөл атқаратынын зерттеу” дейді жетекші ғалым Винод Менон.
ЖИ моделі зерттеуде 1500 ер мен әйелдің МРТ-бейнесін талдаған.
Мәліметтер медицина клиникаларынан алынған. Explainable AI МРТ-бейненің қайсысы әйелдікі, қайсысы еркектікі екенін дәл тапқан. Сосын ол мидың маңызды бөліктерін көрсеткен. Сөйтіп, зерттеудің бірінші кезеңі нәтижесінде мидың құрылысында гендерлік айырмашылық бар екені анықталды.
“Сондықтан да жүйке ауруларын емдеу кезінде жыныстық ерекшелікті елеусіз қалдыруға болмайды” дейді доктор Менон.