Шерзат Полатты өлтіргендер бұған дейін түрмеге қамалып шыққан
Бүгін, 17 сәуір күні Шерзат Полаттың өліміне қатысты іс бойынша басты сот талқылауы басталды, деп хабарлайды Arbat.media.
Судья айыпталушыларға сұрақ қою кезінде:
• Шынасыл Абзал бұған дейін 2 жыл 6 ай түрмеде отырған.
• Равил Сакиев те сот жауапкершілігіне тартылған.
• Дархан Аскентай 2007 жылы сотталған.
• Ильясов жұмыссыз, үйленбеген.
• Тоқтарбаев 7 жыл шартты жаза алған.
Айта кетейік, сот Талдықорған қаласындағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өтіп жатыр. Айта кетейік, соттың онда өтуіне күдіктілердің көбі Талдықорғандағы изоляторда отырғаны себеп болған.
Айта кетейік, Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов күдіктілер қатарындағы жасөспірімге кешірім берді.
Бұған дейін Шерзаттың үйін өртегендер туралы жаңа деректер шыққан.
Еске салайық, Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов пен отбасының қорғаушысы Айтбек Амангелді арасында дау туындаған. Кейін Шерзаттың отбасы құқық қорғаушы Айтбек Амангелдінің көмегінен түбегейлі бас тартты. Енді сотта олардың мүддесін адвокаттар Мейірман Шекеев пен Жандос Палманов қорғамақ.