Қазақстан жаңалықтары17 сәуір 2025, 17:04

“Әкесін бөтелкемен ұрып, әжесін арыққа құлатқан”: Шерзаттың өліміне қатысты тың деректер

Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот отырысында айыптау актісі оқылды, деп хабарлайды Arbat.media.

Прокурордың сөзінше, аталған жерде кінәлілердің біреуі төбелес болып жатқан кезде дүкен ішінен шыққан Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовтың бетінен әйнек бөтелкемен ұрған. Ал, Азамат Тоқтаубаев тергеумен анықталмаған таспен Нұрымовтың желке тұсынан соққы келтірген.

Сонымен қатар, Шерзаттың әжесі “Қамажай” дүкеніне қарай бара жатқанда, алдынан Шынасыл шығып итеріп, арыққа құлатқан. Ал, Шерзаттың жолдың үстінде отырғанын көріп бармақшы болған анасының алдынан Ілияс пен Шынасыл шығып, екі қолынан білегінен ұстап алып жібермей қойған. Анасының білектерінде көгерген іздер анықталған.

Айта кетейік, Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов күдіктілер қатарындағы жасөспірімге кешірім берді.

Бұған дейін Шерзаттың үйін өртегендер туралы жаңа деректер шыққан.

Еске салайық, Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов пен отбасының қорғаушысы Айтбек Амангелді арасында дау туындаған. Кейін Шерзаттың отбасы құқық қорғаушы Айтбек Амангелдінің көмегінен түбегейлі бас тартты. Енді сотта олардың мүддесін адвокаттар Мейірман Шекеев пен Жандос Палманов қорғамақ.

Шерзат, Полат, қаза, адам, Қаржаубай, сот

Тақырыпқа жаңалықтар