Полицейдің ұлы университетте атыс ұйымдастырып, адамдарды қырып салды
Флорида университетінде ер адам атыс ұйымдастырды, деп хабарлайды Arbat.media.
Қайғылы оқиға салдарынан екі адам қаза тапты. Ауруханаға тағы алты адам жеткізілді. Олардың бірі ауыр жағдайда.
Университетті полиция қоршап алды. Округ шерифі Уолтер Макнейлдің айтуынша, күдікті 20 жастағы ер адам. Оның полиция қызметкерінің ұлы екені анықталды. Атыс ұйымдастырушының тірі не өлі екені белгісіз.
Куәгерлердің мәліметінше, ер адам қызғылт сары футболка киген. Ол университетте қарайым студент сияқты жүрген.
Флорида губернаторы Рон Десантис қайтыс болғандардың отбасына көңіл айтты. Сонымен қатар қажетті қауіпсіздік шаралары қабылданатынын мәлімдеді. Дональд Трамп бұл оқиғаға «қорқынышты жағдай» деп баға берді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: