Әлем9 шілде 2024, 12:00

Эстония 60 млн еуроға 600 бункер салады

Эстония 60 миллион еуроға 600 бункер салады. Алдымен олардың күші сыналады. 2024 жылдың күзінде құрылым элементтерін тасымалдау және орнату қаншалықты оңай болатынын көру үшін елде бетон жерасты камераларының бірнеше үлгісі сынақтан өтеді. Ал желтоқсанда прототип бункерлерге 155 мм снарядтар атылады. Оларды шекаралық аймақта 2025 жылы орнату жоспарлануда, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бункерлерден басқа Эстонияның қорғаныс бағдарламасына танкке қарсы тосқауылдар, бетоннан жасалған «айдаһар тістері», тікенді сымдар және танкке қарсы миналар кіреді, деп хабарлайды ERR.

Мұның бәрі әскери қақтығыс болған жағдайда қолданылады.

Эстония Бункер Қаржы

Тақырыпқа жаңалықтар