Әлем16 мамыр 2024, 15:23

Эстония Ресейдің тыйым салынған активтерін Украинаға беруге рұқсат берді

Эстония Ресей Федерациясының тыйым салынған активтерін Украинаға беруге рұқсат берді. Ел парламенті Украинаға қарсы соғысқа қатысқан тұлғалардың мүлкін Киевке беруге рұқсат беретін заң қабылдады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Эстония мұндай құқықтық актіні қабылдаған әлемдегі бірінші мемлекет болды.

«Ресей агрессор мемлекет болып табылады, әскери операциялар кезінде келтірілген шығынды өтеу Украинаның мойнына жүктелмеуі керек және келтірілген залал үшін Ресей жауапты», - деді Конституцциялық кеңес Рийгикогу комиссиясының төрағасы Хендрик Йоханнес Террас.

Украинаға мүлікті беру туралы шешімді Эстония Сыртқы істер министрлігі сот шешімінсіз қабылдайды.

Бұл ретте тәркіленген мүліктің иелері тыйым салуға сотта шағымдана алады.

Еуропа мен АҚШ-тағы депозитарийлерде сақталған Ресей банкінің бұғатталған активтерін тәркілеу Батыс елдерінде соғыс басталғалы бері талқыланып келеді.

Дегенмен, әзірге «Үлкен жетілік» елдері Ресей активтерін қайта инвестициялаудан түскен пайданы Украинаға аударуға келісті, ал Еуропалық Одақ елдерінің елшілері 8 мамырда Ресей активтерінен елді қалпына келтіріп, Украинаға әскери көмек көрсету үшін пайыздарды пайдалану шарттары туралы келісті.

Эстония Ресей активтері Украина рұқсат

Тақырыпқа жаңалықтар