Еурокомиссия: Израильдегі оқиғалар Украинаға көмек көрсетуге әсер етпейді
Еурокомиссияның мәлімдеуінше, Израильдегі оқиғалар Украинаға көмек көрсетуге әсер етпейді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Украинаға қарсы соғысында Ресей кез келген халықаралық оқиғалардан пайда табуға тырысады, бірақ ЕО-ның Украинаны қолдауына ешнәрсе әсер етпейді, деп мәлімдеді Еурокомиссия.
Оның ресми өкілі Эрик Мамер DW тілшісінің Таяу Шығыстағы шиеленіскен қақтығыс Украинаға көмек көрсетуге әсер етеді деуге негіз бар ма деген сұрағына: «Бұл туралы ешқандай күмән болуы мүмкін емес», - деп жауап берді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: