Еурокомиссия Украина азаматтарын уақытша қорғауды ұзартқысы келеді
Еуропалық комиссия Украина азаматтарын уақытша қорғауды ұзартқысы келеді. Бұл туралы оның өкілі 11 маусымда хабарлады. ЕО комиссиясының пікірінше, Украинадан келген босқындар кем дегенде 2026 жылдың наурыз айына дейін Еуроодақта еш кедергісіз қалуы керек, - деп хабарлайды Arbat.media.
Ресейдің шабуылына байланысты қазір Украинаға аман-есен оралуға жағдай жоқ.
Еурокомиссияның пікірінше, Украина азаматтарын уақытша қорғауды тағы бір жылға ұзарту қазіргі жағдайға барабар жауап болып табылады.
Еуростаттың мәліметінше, қазір Украинадан келген 4 миллионнан астам босқын Еуроодақтың 27 елінде тұрады.
Олардың 1,3 миллионға жуығы Германияда.
Соңғы рет украин босқындарды уақытша қорғау 2025 жылдың 4 наурызына дейін ұзартылды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: