Еурокомиссия Украинаға тағы 4,2 миллиард еуро бөлуді қолдады
Еурокомиссия Украинаға тағы 4,2 миллиард еуро бөлуді қолдады. Қаражат Еуропалық Кеңесте Еуроодақ мемлекет және үкімет басшылары мақұлдаған соң, Украинаға көмек көрсету қорынан бөлінеді. ЕК президенті Урсула фон дер Ляйен мәселенің тез шешілетініне үміт білдірді. Ол осы механизм аясында Еуропалық Одақ тарапынан Киевке көрсетілетін қаржылық қолдаудың жалпы көлемі 12 миллиард еуроға жететінін атап өтті, - деп хабарлайды Arbat.media.
Еурокомиссия шешімінде Украинаның одан әрі қаржылық көмек көрсету шарттарын орындағаны айтылған. Әңгіме, атап айтқанда, экономикалық қылмыспен күрес және мемлекеттік компанияларды басқару принциптерін өзгерту туралы болып отыр.
2024 жылдың ақпанында Еуроодақ кеңесі құны 50 миллиард еуро болатын Украинаға Еуропалық көмек көрсету қорын құруды мақұлдады. Төрт жылға есептелген бұл қаражатты грант және несие түрінде беру жоспарлануда. Олар Украина мемлекетінің қысқа мерзімді қажеттіліктерін де, елді қайта құру мен жаңғырту бойынша орта мерзімді міндеттерді шешуді де қамтамасыз етуі керек.