Әлем22 шілде 2024, 4:14

Еуроодақ БҰҰ сотының Палестина жерлеріне қатысты шешімін қолдады

Еуроодақ БҰҰ сотының Палестина жерлеріне қатысты шешімін қолдады. Еуропалық Одақ Гаагадағы Халықаралық соттың Израильдің Батыс Шерия мен Шығыс Иерусалимдегі қоныстандыру саясаты халықаралық құқықты бұзады деген шешімін құптады. Соттың Израильдің Палестина аумақтарында болуының заңсыздығы туралы қорытындысы Брюссельдің ұстанымымен тұтастай сәйкес келеді, деп растады Еуроодақтың сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі Жосеп Боррель, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Палестина аумақтарын оккупациялауды мүмкіндігінше тезірек тоқтату» туралы қарар мен Халықаралық соттың шешімінен кейін Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мұны «алдамшы» деп атады.

Соттың шешімі міндетті емес, бірақ Израильдің Газа секторындағы радикалды Хамас қозғалысына қарсы соғысы аясында бұл Израильге қысымды күшейтуі мүмкін, деп атап өтті Франс Пресс.

Еуроодақ БҰҰ соты Палестина жері шешім

Тақырыпқа жаңалықтар