Еуроодақ Молдова мен Грузияны қабылдау нұсқасын қарастыруы мүмкін
Еуроодақ Молдова мен Грузияны Приднестровье, Абхазия және Оңтүстік Осетия аумақтарысыз қабылдау нұсқасын қарастыруы мүмкін, - деп хабарлайды Arbat.media.
«Грузия мен Молдованың еуропалық болашағы қақтығыс кепілі бола алмайды», - деді Еуроодақтың сыртқы саясат өкілі Питер Стано «Известия» газетіне берген сұхбатында.
Сонымен бірге ол Брюссельдің «Грузия мен Молдованың аумақтық тұтастығы мен егемендігін» қолдайтынын еске салды.
Қазан айының соңында Молдова президенті Майя Санду Молдованың Еуроодаққа Приднестровсыз қосылуы мүмкін екенін мәлімдеді.
8 қарашада Еуропалық комиссия Украина және Молдовамен мүшелік келіссөздерін бастауды, сондай-ақ Грузияға ЕО-ға кіруге үміткер ел мәртебесін беруді ұсынған еді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: