Әлем2 мамыр 2024, 22:27

Еуропа Кеңесі Грузия парламентін «шетел агенттері» туралы заңды тоқтатуға шақырды

Еуропа Кеңесі Грузиядағы наразылық білдірушілерге қарсы зорлық-зомбылықты айыптап, ел парламентін «шетел агенттері» туралы заң қабылдауды тоқтатуға шақырды, - деп хабарлайды Arbat.media

Еуропа Кеңесінің Бас хатшысы Мария Пейчинович-Бурич «Шетелдік ықпалдың ашықтығы туралы» заңның демократия мен адам құқықтарының еуропалық стандарттарына сәйкестігіне қатысты байыпты алаңдаушылық бар деді.

Ол бір күн бұрын заң жобасын екінші оқылымда мақұлдаған грузин заң шығарушыларын Венеция комиссиясы, Еуропа Кеңесіндегі конституциялық құқық бойынша сарапшылар тобы осы заң жобасы бойынша қорытынды шығармайынша, түпкілікті шешім қабылдамауға шақырды.

Пейчинович-Бурич полицияның Тбилисидегі демонстранттарға қарсы пропорционалды емес күш қолдануын да сынады.

Демократияға деген адалдықтарын әлденеше рет көрсеткен Грузия азаматтары жиналып, өз пікірлерін бейбіт түрде білдіру мүмкіндігіне ие болуы керек, деп атап өтті ЕК Бас хатшысы.

Мария Пейчинович-Бурич Грузия парламенті Айыптау «шетел агенттері» туралы заң

Тақырыпқа жаңалықтар