Әлем14 қазан 2023, 21:10

Франция «шабуылға төтенше дайындық» жариялады

Франция «шабуылға төтенше дайындық» жариялады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Ел билігі мұндай шешімді Израиль мен ХАМАС тобы арасында жалғасып жатқан қақтығыстар аясында қабылдады, деп түсіндіреді RFI медиа компаниясы.

Кеше Аррас қаласындағы Gambetta лицейінің қызметкерлеріне пышақ ұстаған ер адам шабуыл жасап, бір мұғалімді өлтіріп, екеуін жарақаттаған.

Елдің Ішкі істер министрлігінің басшысы Джеральд Дарманен мұның Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуімен байланысты екенін айтты.

Дарманен полиция мен жандармерияға «сауда орталықтарын бақылауға және француздарды күнделікті өмірде қорғауға» көмектесу үшін бірнеше мың әскер жіберілетінін айтты.

Сонымен қатар, «төтенше шабуылға дайындық режимі» азаматтарды қорғау үшін ақпаратты таратуға мүмкіндік береді.

Франция Төтенше жағдай таяу шығыс

Тақырыпқа жаңалықтар