Францияда мұғалімнің басын кесіп тастаған шешенге үкім шығарылады
Францияда мұғалімнің басын кесіп тастаған шешенге қандай үкім шығарылады, - деп хабарлайды Arbat.media.
Париж соты бүгіе мұғалім Самуэль Патидің өліміне қатысты үкім шығарады.
Оның басын 2020 жылы 16 қазанда Ресей тумасы шешен Абдуллах Анзоров кесіп тастаған.
Себебі мұғалім сөз бостандығы сабағында Мұхаммед пайғамбардың карикатураларын көрсеткен.
Абдуллах Анзоровты ұстау кезінде полиция оны атып өлтірген.
Айыптаушы сотта кісі өлтірген кезде жасы 13-15 аралығындағы болған алты жасөспірім отыр. Оларға кісі өлтіруге қатысы бар деген айып тағылған.
Тергеушілердің айтуынша, бір қыз бала Патиге жала жапқан: қайғылы оқиғадан бірнеше күн бұрын ол мұғалімге қатысы жоқ себептермен сабақтан шеттетілген, бірақ ол ата-анасына карикатура көрсетіп жатқанда сыныптан шығудан бас тартқаным үшін жазаландым деп өтірік айтқан. Бұл туралы әкесінің интернетте айтқан әңгімесі мұғалімді қудалауға әкелген. Ақшаға сатылған балалар мектеп ғимаратының алдында Абдуллахқа Патиді нұсқаған.
Жасөспірімдерге қатысты соттың да символдық мәні бар, дейді Антуан Казуболо Ферро.
Ол Патидің талап қобшысы ретінде әрекет еткен 13 әріптесінің мүддесін қорғайды.
«Менің клиенттерім ненің дұрыс емес екенін, оқушылардың сенімін қалай жоғалтқанын және нені жақсырақ істей алатынын түсінгісі келеді», - дейді Казуболо Ферро DW-ге.
«Бұл кең мағынада маңызды – түптеп келгенде, мектеп біздің демократияның тірегі және осы процестер сияқты заң үстемдігі терроризмге деген қарсы әрекет», - деген сенімде заңгер.