ӘлемБүгін, 12:21

Футбол матчында ойыншыға найзағай түсіп мерт болды

Таиландта өткен әуесқой футбол матчында қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Нөсер жаңбыр кезінде алаңға найзағай түсіп, 27 жастағы футболшы оқиға орнында көз жұмды.

Жергілікті ақпарат құралдарының мәліметінше, матч қатты жауын-шашынға қарамастан жалғасқан. Ойын барысында кенеттен найзағай алаңға түсіп, «Яла» клубының ойыншысы ауыр жарақат алып, дәрігерлердің көмегіне қарамастан қайтыс болды.

Оқиға салдарынан тағы тоғыз футболшы түрлі деңгейде жарақат алған. Зардап шеккендердің барлығы жақын маңдағы ауруханаларға жеткізіліп, оларға қажетті медициналық көмек көрсетілген. Дәрігерлер олардың жағдайын бақылауда ұстап отыр.

Оқиғадан кейін матч бірден тоқтатылып, жергілікті билік пен спорт ұйымдары тергеу жұмыстарын бастады. Мамандар найзағай ойнаған және ауа райы күрт нашарлаған кезде ашық алаңдарда спорттық жарыстарды өткізбеуге шақырып, мұндай жағдайларда қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажеттігін ескертті.

Аурухана оқиға Дәрігер Жарақат

Тақырыпқа жаңалықтар