G20 саммитінде аштық пен кедейлікке қарсы альянс құрады
Фото: Kay Nietfeld/dpa/picture alliance
picture alliance
ӘлемБүгін, 14:34

G20 саммитінде аштық пен кедейлікке қарсы альянс құрады

G20 саммитінде аштық пен кедейлікке қарсы альянс құрады. Рио-де-Жанейродағы G20 саммитін ашқан Бразилия президенті Лула да Силва осылай деді. Америкааралық даму банкі бұл бастамаға 25 миллиард доллар бөлуге уәде берді, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Аштық пен кедейлік тапшылықтың немесе табиғи құбылыстардың нәтижесі емес», - деді Лула.

Оның айтуынша, бұл адамзаттың үлкен бөлігінің мүддесін жоққа шығаратын саяси шешімдердің нәтижесі.

Аштық пен кедейшілікке қарсы күрес әлемде бейбітшілік орнатудың алғышарты болып табылады, деді Бразилия басшысы.

Бұл бастама Бразилияның G20 төрағалығының негізгі тақырыптарының бірі, ол әлемнің 81 елінде қоғамдық қолдау тапты, деп атап өтті dpa агенттігі.

Оның аясында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тәжірибе алмасып, тиісті шараларды үйлестіреді деп күтілуде.

G20 саммиті аштық кедейлік Альянс

Тақырыпқа жаңалықтар